Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына арналған «Бейбітшілік пен рухани келісімді сақтаудағы Ислам институттарының рөлі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция барысында мүфтиятты әр жылдары басқарған Бас мүфтилер «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ардагер ұстаздар – Рәтбек қажы Нысанбайұлы, Әбсаттар қажы Дербісәлі, Ержан қажы Малғажыұлы және Серікбай қажы Ораздың кеуделеріне «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 30 жыл» мерекелік төсбелгісін тағып, құрмет көрсетіп, иықтарына шапан жапты.
![](https://amin.kz/wp-content/uploads/2020/11/000-7-1024x683.jpg)
![](https://amin.kz/wp-content/uploads/2020/11/00-11-1024x683.jpg)
![](https://amin.kz/wp-content/uploads/2020/11/0-30-1024x683.jpg)
![](https://amin.kz/wp-content/uploads/2020/11/1-2-1024x683.jpg)