Мақаттық Нұрлан Сармалаев зияткерлік сайыста Умраға жолдама алды (+ФОТО, ВИДЕО)

Атырауда зияткерлік сайыс қорытындыланды.

Сайыс қорытындысы бойынша Шманов Дулат (Исатай ауданы) жүлделі үшінші орынды иеленіп, Түркістан қаласына зиярат етуге арналған жолдаманы алды. Екінші орынды Кереев Мейрамбай (Мақат ауданы) ұтып алды. Ол Астана қаласындағы ірі мешіттерді зиярат етуге арналған жолдаманы иеленді.

Жүлделі бірінші орын иегері Нұрлан Сармалаев (Мақат ауданы) Умра қажылығына жолдама ұтып алды.

Еске сала кетелік, бүгін Атырауда облыстық дін істері басқармасы және орталық «Иманғали» мешітінің ұйымдастыруымен зияткерлік сайыс өтті.

Бірінші іріктеу кезеңінде Quizizz қосымшасы арқылы барлығы 135 үміткер бақ сынады.

Іріктеу кезеңінен өткен 30 қатысушы арнайы дайындалған сұрақтарға жылдам, әрі нақты жауап беру арқылы өзара бақ сынады.

Ақтық мәреде үш үміткер «Мен Пайғамбарды көрсем не істер едім?» тақырыбында эссе жазып, қалың көпшілікке оқып берді.

Сайысты арнайы құрылған комиссия өкілдері жауаптардың мазмұнына, қатысушылардың ой-өрісі мен таным деңгейіне қарай бағалады.

Барлық қатысушыларға сыйлықтар табысталды.