Атырауда орталық «Иманғали» мешіті жанындағы Қайырымдылық мекемесі республикалық деңгейде басталған «Мектепке жол» акциясына үлес қосты.
Акция аясында көп балалы отбасылардан шыққан 120 балаға мектепке қажетті оқу құралдары салынған сөмкелер табыс етілді.
Облыстың Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы балаларды жаңа оқу жылымен құттықтады.
«Білім алу – парыз. Балалық, жастық шақты білім алып, ізденуге арнасаңыздар, зейнетін көресіздер. Ел болашағы өздерің сияқты білімді ұрпаққа аманат. Сіздерге әркез білім шамшырағы бағдаршам болуы тиіс» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.