Атырауға ғалым Асқар Әкімханов келді (+ ФОТО, ВИДЕО)

Атырауға Нұр-Мүбәрәк Египет Ислам мәдениеті университетінің профессоры, Исламтану бойынша phd докторы Әкімханов Асқар Болатбекұлы іс-сапармен келді.

Сапар аясында ғалым «Жәрдем-Атырау» ҚҚ-ның ұйымдастыруымен өткен облыстық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелеріне арналған семинарға қатысып, дәріс оқыды. Дәрісте ғалым арнайы зерттеп жүрген «Деобант діни мектебі» өкілдерімен кездесудегі мәселелерге тоқталды.

Сапардың екінші күні Жылыой ауданында болып «Жылыой мұсылмандары» мешітінде жамағатқа «Құран сүннеттегі ақида» тақырыбында насихат айтты. Сондай-ақ Асқар Болатбекұлы «Иманғали» орталық мешіті жанындағы студияда діниі білім алудың өзектілігі турасында сұхбат берді. Және халықаралық жастар күніне орай Иманғали орталық мешітінде жастармен кездесті.