Атыраулық ерікті жастар Махамбет ауданындағы Таңдай мешітіне барды

Атырау қаласының «Сұлтан Бейбарыс» мешітінің ерікті жастар жамағаты Махамбет ауданындағы «Таңдай ауылдық» мешітіне зиярат етті.

Алланың елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) хадисінде: «Мүминдер бір-біріне сүйіспеншілік, мейірімділік және жанашырлық танытуда біртұтас дене тәрізді» – деген. Мұсылман бауырыңның халін сұрау үшін, жолға шықса, барып қайтқан әрбір қадамы үшін періштелер Алладан зияраты үшін кешірім тілеп тұратыны айтылады. Зиярат ету барысында ерікті жастар Таңдай мешітінің тыныс тіршілігімен танысып, мешіт жамағаттарына дастархан басында «Алланы еске алудың пайдалары» жайында насихат айтылды.