Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы “Иманғали” орталық мешітінде ұйымдастырылған қайырымдылық шарасына қатысты.
“Рамазан сыйы” қайырымдылық жобасы аясында 100 отбасына азық-түлік табысталды.
«Бүгін біз қоғамымыздағы мұқтаж жандарға көмек қолын созып, олардың өмірін жеңілдетуге үлес қосып отырмыз. Ислам діні әрдайым мұқтаж жандарға көмек көрсетуге, жақсылық жасауға шақырады. Біз барлығымыз бір-бірімізге қолдау көрсетіп, қоғамды жақсартуға атсалысқанымызда, үлкен игілікке жетеміз. Алла бәрімізге қасиетті айда жақсылық нәсіп етсін,-деп тілегін жеткізді наиб мүфти.
Қайырымдылық көмек бірінші кезекті мүгедек жандарға, жалғызбасты отбасылар мен зағиптар бірлестігіне үлестірілді






