27 қазанда Атырауда «Мәуліт» рухани кеші өтеді

Қасиетті Мәуліт айына орай, Атырауда «Пайғамбар өнегесі» рухани кеші өтеді.

Кештің басты қонағы – «Өнер қырандары» театры. «Құрманғазы» мәдениет үйінде ұйымдастырылатын рухани шара 27 қазан күні сағат 10.00, 19.00-де өтеді.

«Карантин талаптарын сақтау мақсатында билет саны шектеулі болып отыр. Билеттерді 1500 теңгеден алуға болады.

Біздің мақсатымыз – халыққа рухани тәрбие беру» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Билет бойынша 8775 587 35 95 нөміріне хабарласуға болады.

«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз-қызметі.