3 миллион теңге: Атыраудың орталық мешітінде екі аптада осынша қаржы қайырымдылыққа жұмсалды (+ ВИДЕО)

amin.kz/ 9 мамыр, 2020 жыл.  Рамазан айының алғашқы екі аптасында орталық «Иманғали» мешіті қайырымдылық бағытқа 3 миллион теңгеден астам көлемде қаржы жұмсады.

Бұл туралы Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы хабарлады.

«Бұл ізгілік акциясы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен еліміздің түкпір-түкпірінде жүзеге асырылып жатқан «Қайырымдылық керуені» акциясы аясында жүзеге асуда. Мың айдан да қайырлы Рамазан айының құрметіне 3 миллион 275 мың теңге көлеміндегі сома қайырымдылыққа жұмсалды. Оразаның алғашқы екі аптасында жасалған қайырымдылық шаралар легінің қатарында қорғаныс маскаларын, азық-түлік тарату, онлайн ауызашар рәсімдерін ұйымдастыру шаралары бар.

Біз біргеміз! Жақсылық жолында жарысайық» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.