amin.kz/ 9 мамыр, 2020 жыл. Рамазан айының алғашқы екі аптасында орталық “Иманғали” мешіті қайырымдылық бағытқа 3 миллион теңгеден астам көлемде қаржы жұмсады.
Бұл туралы Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы хабарлады.
“Бұл ізгілік акциясы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен еліміздің түкпір-түкпірінде жүзеге асырылып жатқан “Қайырымдылық керуені” акциясы аясында жүзеге асуда. Мың айдан да қайырлы Рамазан айының құрметіне 3 миллион 275 мың теңге көлеміндегі сома қайырымдылыққа жұмсалды. Оразаның алғашқы екі аптасында жасалған қайырымдылық шаралар легінің қатарында қорғаныс маскаларын, азық-түлік тарату, онлайн ауызашар рәсімдерін ұйымдастыру шаралары бар.
Біз біргеміз! Жақсылық жолында жарысайық” дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.



Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.