500 теңгеге – баспана: Атырауда орталық мешіт мұқтаждарға пәтер алып беруді қолға алды (+ ВИДЕО)

amin.kz/ 12 мамыр, 2020 жыл. Атырауда орталық «Иманғали» мешіті «Ықыласты бауырлар» қайырымдылық орталығымен бірлесе отырып, «500 теңге жобасын» қолға алып отыр.

Аталмыш жоба бес бағытты қамтиды. Оның ең негізгісі әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға баспана бақытын сыйлау.

«Сондай ақ, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік, киім-кешекпен көмек көрсету; науқас жандардың емделуіне қаржылай қолдау жасау; пәтер жалдап отырған жағдайы төмен отбасыларға қолғабыс ету және аймақ көлемінде салынып жатқан
мешіттер құрылысына көмек көрсету бағыттары аясында жұмыс жүргізуді қолға алып отырмыз.
500 теңге садақа жасау арқылы, көптеген игі істерге көмектесе аласыздар» дейді жоба жетекшілері.


Каспий голд нөмірі: 8 (708) 821-21-92,

карта нөмірі: 5169 4971 8392 3725 – Ақтоты Д.
Байланыс нөмірі: 8(778) 080-22-80

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.