Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Қажылық миссиясы Мәдина қаласындағы халықаралық әуежайдан 600 отандасымызды күтіп алды.
Алматы қаласында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы шығарып салған қажылар Мәдина қаласына аман-есен жетті. Қажылық миссиясының төраға орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғар, Бас мүфти кеңесшісі Бижігіт Нұржігітұлы, Дін істері комитетінің өкілі Нұрғали Қабылов, ҚМДБ Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жәнділдә Бекжігітов қажыларды қарсы алып, қажетті кеңестерімен бөлісті.
Алматы-Мәдина бағыты бойынша тікелей рейспен жеткен отандастарымыз Бас мүфти бастаған мүфтият қызметкерлеріне алғысын жеткізді.
Айта кетсек, кеше Мәдина қаласында өз жұмысын бастаған Қажылық миссиясы жерлестеріміздің жай-күйімен танысып, сұхбаттасты.