Абай ауданындағы өрттен қаза болғандардың отбасыларына қаржылай көмек көрсетіледі

Абай ауданындағы өртті сөндіру кезінде қаза тапқандардың отбасыларына Halyk-тан үш миллион теңге беріледі.

Halyk Bank өртте қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасыларына қаржылай көмек жібереді.
Сонымен қатар өртте қаза тапқан азаматтардың және олардың отбасы мүшелерінің Halyk Bank-тегі бар несиелері есептен шығарылады.


Банк басшылығы мен қызметкерлері қызмет кезінде қаза тапқан азаматтардың отбасыларына шын жүректен көңіл айтады.


Halyk bank Баспасөз қызметі

Сурет: “Егемен Қазақстан” газеті