Атырауда «Ихсан» мешітінде жазғы лагерьде 90 шәкірт білім алып жатыр

Атырау қаласы, Геолог ауылындағы «Ихсан» мешітінде «Жазғы сауат ашу» лагері қарқынды ұйымдастырылып жатыр.

Қазіргі уақытта жазғы лагерьде 55 қыз бала, 35 ер бала дәріс алуда.

Балаларға көркем мінез, білім алудың маңызы, Пайғамбар (с.ғ.с) өмірі туралы дәрістер берілуде.

Бүгін балаларға балмұздақтар таратылып, мешіт имамы Ардақ Жұмабекұлы атынан құрмет көрсетілді.