Әһлі сүннет ғалымдарының уахабилер туралы пікірлері қандай?

Ханафилердің мүфтиі Шейх фақих ибн Абидин Әл Ханафи :
«Уахабилер біздің заманымыздың хауариждері»-деп айтты.
(حاشية رد المختار علي در المختار кітабында жазылған)

Мәлики мәзхабының ғалымы Шейх фақих Ахмад Соуи Шарх Жәләләйн кітабының Фатыр сүресіннің тәпсірінде уахабилерді: «Шайтандардың жақтастары» -деп айтқан.

Шафиғи мәзхабының ғалымы Ахмад бин Зәйни Дәһлән 1304 (хижри жыл санауымен) қайтыс болған. Өзінің :خلاصة الكلام في بيان امراء البلد الحرام атты кітабында:
«Уахабилердің фитнасы ең ауыр фитна. Харамайнның ғалымдары олардың бұзылған ақидаларын білген кезде кәпірлікке үкім шығарды”,- деген.

Ханбали мәзхабының ғалымы Ибн Хумайд ән Нәжди 1295 жылы дүниеден өткен. Өзінің السحب الوابلة علي ضراءح الحنابلة атты кітабында:

“Мухаммад бин Абдул Уаххабтың әкесі баласына ашулы болған, оның адасқанын байқаған. Өзіне қарсы шыққандарды кәпір деген және өлтіруге бұйырған. Оның бауыры Сүлейман бин Абдул Уаххаб өзінің бауырының адасқандығынан қайтару жайлы біраз кітап жазған”,- деген.

Ержан ҚУАНЫШҰЛЫ,

“Сұлтан Бейбарыс” мешітінің имамы