Айт күнделігі: Жылыой ауданында Құрбан айт 4000-нан астам адамның басын қосты

Жылыой ауданында Құрбан айт мерекесі ауқымды деңгейде аталып өтті.

Қасиетті мереке құрметіне 2500 балаға айттық сыйлықтар үлестірілді.

Аудан орталық стадион алаңында 5 киіз үй тігіліп, ұлттық ойындардан түрлі спорттық жарыстар өтті. Бүлдіршіндерге арнап ойын батуттары құрылды.

«Жылыойлықтар Құрбан айт мерекесін жоғары деңгейде атап өтті. Айт мерекесі жылыойлықтарды ынтымақ жолында біріктірді» дейді Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев.