Алматыда имамдардың біліктілігін арттыруға арналған семинар өтті

Алматы қаласы Алатау аудандық «Бекет ата» мешітінде жылдық жоспарға сәйкес дін қызметкерлерінің білімі мен біліктілігін арттыру бағытындағы курсы өткізілді.

Алғашқы күні Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы алғысөз сөйлеп, сәттілік тіледі. Курс бағдарламасына сай ҚМДБ «Уақып» қорының басқарма төрағасы Ардақ Нүсіпханұлы «Уақыптың мәні мен хикметі» жайында баяндады.

Екі күнге созылған семинарда «Нұр Мүбәрак» ұстаздары, PhD доктор Ерғали Алпысбаев, магистр Ризабек Батталұлы, докторант Ернар Есімқұлов және ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі, докторант Ерсін Бекайдарұлы қала мешіттерінің бас имамдары мен наиб имам, ұстаздарына ақида, фиқһ, хадис, тәпсір бойынша дәрістер өткізді.

Жаңа ғасырдағы жат ағымдар мен ұйымдарға және соңғы шыққан пәуаларға тоқталды. Өз кезегінде м.ғ.д., профессор Құлахмет Ерімбетов және фтизиатр-хирург Бақытжан Бексұлтанов туберкулез ауруларының алдын алу бойынша түсіндірме жүргізді. Атап өткеніміздей 2 күндік семинардың алғашқы күнінде білімі мен біліктілігін арттыруға қаладағы 54 мешіттің бас имамдары қатысса, келесі күні наиб имамдар мен ұстаздар, сонымен қатар азаншылар қатысты. 

«Рухани бағыттағы білім кеңістігінде діни ағарту жұмыстарын жүргізуде имамдардың үлесі зор. Діни ілімге деген халық сұранысына бүгінгі дін қызметкерлері – имамдар мен ұстаздардың заманауи бағыттағы білімі мен біліктілігін арттыру маңызды болмақ», – деп қорытындылады қаланың бас имамы Төлеби Оспан.