21 қазан күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және Философия, саясаттану және дінтану институтының ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы Нұр-Мүбарак университетінің ғимаратында «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ «ДІН ДҮРБЕЛЕҢІ»: КЕҢЕСТІК БИЛІКТІҢ ДІНГЕ ҚАРСЫ РЕПРЕССИЯЛЫҚ ШАРАЛАРЫ» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.
Конференцияға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор Мұхаммад әш-Шаххат әл-Жинди, Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Серік Сейдуманов, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің профессоры, философия ғылымдарының докторы Амангелді Айталы, сондай-ақ ҰҒА академиктері, тарих ғылымдарының докторлары Мәмбет Қойгелдиев, Талас Омарбеков, Дархан Қыдырәлі және тарихшылар Айшуақ Дәрменұлы, Талғат Жолдасұлы қатысады.
Конференцияда Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның Дәстүрлі дін өкілдерін зерттеу жұмыс тобының мүшелері Бақытжан Сатершинов, Рахым Бекназаров, Досай Кенжетай және Шаповал Юлия саяси қуғын-сүргін тарихындағы дін өкілдері жайлы арнайы баяндама жасайды.
Сондай-ақ, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшелері Шәмшедин Керім, Мұхан Исахан, Төреәлі Қыдыр кеңестік биліктің дінге қарсы репрессиялық шаралары жайлы баяндайды. Жиын соңында конференция жұмысы қорытындыланып, арнайы үндеу жарияланады.