Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Алматы облысына жұмыс сапары аясында Әбу-Ханифа медресесінде оқып жатқан атыраулық студенттермен кездесті.
Алматы қаласының Медеу ауданында орналасқан медресе – колледжде қазіргі таңда бірқатар атыраулық жастар білім алып жатыр.
«Рухани қуатты халықтың болашағы жақсы болады. Еліміздің, ұлтымыздың болашағы жастардың қолында. Сіздер сапалы білім алумен бірге, рухани қуатты болуларыңыз да керек.
Атырау облысында алдағы жылдары барлығы 25 мешіт салынады деп жоспарлануда. Бірқатар ауылдарда мешіттердің құрылысы жүріп те жатыр. Біздің міндетіміз – мешіттерімізді білімді кадрлармен қамтамасыз етіп, дінімізді, ділімізді насихаттау» деген Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы шәкірттерді маман атанғаннан кейін, облысқа келіп, қызмет атқаруға шақырды.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.