Алтынбек Ұтысханұлы Атырау энергетикалық кешені басшысына алғыс айтты

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Атырау энергетикалық кешені басқарма басшысы Алтынбек Қаршегеновпен кездесіп, оған алғыс хат табыс етті.

Аталған кәсіпорын басшысы қала мешіттері электр энергиясымен қамтамасыз етуге ықпал етіп, әр кез қолдау көрсетіп келеді.

«Исламда адамдардың бір біріне алғыс айтудың маңыздылығына терең тоқталған тағылымды хадистер бар. Ұлы Жаратушы Алла Тағала өз пендесіне бір біріне айырықша құрмет етуді, алғыс айтуды бұйырған. Адамға алғыс айтпағанның Аллаға алғысы жоқ» деген де сөз бар. Ел игілігіне қызмет етіп жатқан мешіттеріміздің жұмысын үйлестіруге қосқан үлесіңіз үшін алғыс айтамын» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.