Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы балаларды мерекемен құттықтады.
Мереке құрметіне орай балаларға тәттілер үлестіріп, ізгі тілектерін арнады.
«Бала – өмірдің жалғасы. Абай Құнанбаев атамыз «Адамның бір қызығы бала деген» деп , баланың өмірдің сәні екенін айтқан. Мереке құтты болсын! Біздер, үлкендер, сіздердің жақсы азамат болып қалыптасуларыңыз үшін жауаптымыз. Әрқашан жолдарыңыз болсын» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.