Атырауда мектеп оқушыларымен рухани кездесу өтті

Атырау қаласындағы Абай Құнбаев атындағы мектепте рухани кездесу өтті.

Атырау облысы Дін істері басқармасының тапсырысымен, «Шапағат» қоры ұйымдастырған кездесуде «Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің негізі» тақырыбында сұхбат өрбіді.
«Шапағат» қорының теологы Нариман Ермағамбетов ұлттық құндылықтарды дәріптеудің ұрпақ өміріндегі маңызы туралы наихат айтты.

«Ғасырдан-ғасырға жеткен халықтың қазынасы – тілі, ділі, салт-дәстүрі, әдебиеті мен өнері ұлтымыздың рухани байлығы. Ұлттық болмыс, оны дәріптеу отбасынан, ошаққасынан басталады. Отбасы –  тәрбиенің тамаша мектебі» деп атап өтті ұстаз Нариман Ермағамбетов.