Атырауда «Мәулімберген» мешітінде қосымша құрылыстар жүруде

Атырауда «Тасқала» ауылындағы «Мәулімберген» мешітінде қосымша ғимараттар құрылысы басталды.

Қазіргі таңда мешіт жанынан жаңа ерлер мен әйелдер дәретханасы, қасапхана, мәйіт жуатын орын және жылу қазандығының жаңа ғимаратының іргетасы құйылды.

Жаңа құрылыс жұмысына жекелеген демеушілер, мешіт жамағаты атсалысуда.