Атырауда жамағатқа арналған рухани шара өтті

Атырауда Сұлтан Бейбарыс мешітінің ұйымдастыруымен рухани кеш өтті.

Жамағатқа арналған шарада Сұлтан Бейбарыс мешітінің имамы Ержан Қағазғалиев бірлік, рухани тазалық тақырыбында насихат айтты.

«Халқымызда «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген керемет сөз бар. Бірлік – ең басты құндылық. Бірлік бар жерде тірлік бар. Сондықтан, еліміздің одан әрі дамуы үшін де, бір-бірімізге бауыр болып, қамқор болу маңызды» деп атап өтті имам Ержан Қағазғалиев.

Рухани кеш барысында белсенді жамағат марапатталды.