Атырауда Құран жаттау орталығы шәкірттері сынақ тапсырды

Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешіті жанынан ашылған Құран жаттау және діни сауат ашу орталығында шәкірттер емтихан тапсырды.

Шәкірттердің жазғы емтиханын облыстың білікті ұстаздары қадағалады.

Орталығымызда білім алып жатқан 30 шәкірт Құран, тәджуид, фиһқ, араб тілі сынды пәндер бойынша сынақ тапсырды.

«Шәкірттердің білімдерін, саралап қадағаладық. Ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктер де бар. Енді шәкірттерді облыс бойынша 12 мешітке тәжірибеден өтуге барады» дейді жетекші ұстаз Олжас Скаков.