Жылыой ауданына жаңа наиб имам тағайындалды


Жылыой аудандық орталық мешітіне жаңа наиб имам тағайындалды.


Райымбек Сағындықовты жамағатқа Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев таныстырды.


«Бұған дейін Жылыой ауданына қарасты «Майкөмген ауылындағы Майкөмген мешітінде имам болып қызмет еткен Райымбек Сағындықов білікті маман.

Жамағат бірлігін нығайту, ағартушылық, жалпы, қоғамдағы тыныштықты арттыру бағытындағы жұмыстарды сапалы атқарады деп сенемін» деді Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев.

Сағындықов Райымбек Раметжанұлы –
2013-2017 жылдары Алматы қаласындағы Нұр – Мүбарак университетін «Исламтану» мамандығы бойынша оқыды.
2021 жылы Алматы қаласындағы Ислам институтын «Имам хатиб» мамандығы бойынша бітірді.