Бүгін Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз – хатшысы Баян Жанұзақоваға қызметтік ноутбук тапсырды.
«Қазіргідей жаһандану дәуірінде ақпарат саласының маңызы күн санап артып келеді. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы да ақпарат саласын дамытуға айрықша назар аударып келеді. Өткен жылы мүфтият тарихында тұңғыш рет «Халық арна» каналы ашылды. Төл арна асыл дінімізді, дәстүрімізді, тіліміз бен ділімізді насихаттау жолында еңбек ететін болады.
Атыраудың орталық мешіті жанынан ашылған amin.kz сайты дін, руханият саласындағы жаңалықтар мен ақпараттар тоғыстырылған іргелі сайттардың біріне айналды. Осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыруда баспасөз саласының ролі ерекше» дейді Алтынбек Ұтысханұлы.
Еске сала кетелік, өткен жылы орталық «Иманғали» мешітінің техникалық базасы төрт компьютермен толыққан болатын.
Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз -қызметі.