Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Доссор кентіне жұмыс сапарымен барды.
Сапар аясында Сатан-Шәмек мешітінде болып, жамағатпен кездесті.
Кездесу барысында Бас имам кемел мұсылман болу, көркем мінез тақырыптарында насихат айтты.
«Кемел мұсылман – өзінің көркем мінезімен, ізгі істерімен өз-өзін тәрбиелейтін адам. Адам өзінің жаман қасиеттерімен күресу арқылы, өзіне, отбасына үлгі бола алады» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.