Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Мақат ауданына қарасты Доссор кентіне жұмыс сапарымен барды.
Сапар аясында Доссор мешіттеріне тағайындалған имамдармен кездесіп, мешіттердің ішкі ахуалымен танысты.
Шәкірттер тәрбиелеу, дәріс жүргізу, жамағатпен жұмыс, қайырымдылық бағытындағы шараларға байланысты бірқатар тапсырмалар берілді.
Сондай ақ, Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы мешіттердің ішкі жөндеулеріне байланысты көмек көрсетілетінін жеткізді.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.