Алтынбек Ұтысханұлы мектеп оқушыларымен кездесті

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұстысханұлы мұнайлы өлке орталығындағы Нұрсая ықшам ауданында орналасқан N38 мектепте ата-аналары және жоғары сынып оқушыларымен кездесті.

Кездесу барысында Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы ата-ананы құрметтеу және білім алудың маңыздылығы, бала тәрбиесі тақырыптарында насихат айтты.

«Әлемнің «екінші ұстазы» атанған Әл-Фараби бабамыздың «Тәрбиесіз берілген білім – қоғамның қас жауы» деген сөзі бар. Тәрбие тал бесіктен басталады. Отбасы – мектеп – қоғам институты мықты болғанда ғана, иманы кемел, білімі терең ұрпақ өседі» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.