Бүгін Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы мүфтияттың инстаграм желісіндегі ресми парақшасында тікелей эфирде сұхбат берді.
«Сәресі мен ауызашар» тақырыбында өткен сұхбатта Алтынбек Ұтысханұлы Рамазан айында ораза ұстаушы және ауыз бекіткенге қызмет көрсетуші назар аударуы тиіс мәселелерге тоқталды.
«Кейде бауырларымыз сәресі ішуге маңыз бермей жатады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Сәресіге тұрыңыздар. Себебі, біздің оразамыз бен кітап иелерінің (яһудилер мен христиандар) оразасының айырмашылығы – сәресі ішу» – деген. Сәресіде береке барын ұмытпауымыз керек.
Сол сияқты, жолда кетіп бара жатып, кез-келген аузы берік адамға бір дана құрма немесе кепкен құрма ол болмаса сумен болсада ауыз ашар беру сауапқа кенелетін жақсы амал» деп нақтылады тікелей эфир қонағы Алтынбек Ұтысханұлы.
Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.