Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өткізіп, Рамазан айына дайындық, атқарылатын іс-шаралар туралы айтып берді.
«Рамазан айында рухани шаралармен бірге, қайырымдылық, ағарту бағытындағы бірқатар шаралар жоспарлануда.
Біз Рамазанның қуатты бірліктің айы екенін түсінуіміз керек. Бұл айдағы баршаға ортақ ниет, тілек, дұға, құлшылық, үміт дүйім елдің бірлігі мен ынтымағын жарастыра түседі» де. Жаратушысы бір, пайғамбары бір, қасиетті кітабы мен бет түзейтін құбыласы бір, көк аспан мен қара жерді мекен еткен жұрт дәйім бірлікте тату ғұмыр кешуі тиіс.
Халықтың, жалпы адам баласының мақсат, мұрат, мүдделері тоғысынан туындайтын бірлік ұғымы адамдар арасындағы ынтымақтың, жарасымды татулықтың көрінісі, ел болудың белгісі» деп атап өтті Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Еске сала кетелік, биыл Рамазан айы 23 наурызда басталады. Және биыл қасиетті ораза 29 күнге созылады. Ал, сәуір айының 17-нен 18-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 21 сәуір – ораза айт мерекесі.