Рамазан кезінде Атырау мешіттерінде күніне 3700 адамға ауызашар беріледі

Бұл туралы Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

«Рамазан айы кезінде ауыз бекіткен бауырларымыз үшін барлық мешіттерде ауызашар беріледі. Оның ішінде орталық мешіттің өзінде күніне 500 адамға ауызашар беріледі.

Облыс мешіттері бойынша 3700 адамға ауызашар беріледі деп күтілуде. Осылайша, Рамазан айында Атырау облысы бойынша 107300 адамға ауызашар беріледі деген жоспарымыз бар» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Еске сала кетелік, биыл Рамазан айы 23 наурызда басталады. Және биыл қасиетті ораза 29 күнге созылады. Ал, сәуір айының 17-нен 18-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 21 сәуір – ораза айт мерекесі.