Атырау мешіттері Рамазан айына дайындықты пысықтады

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының төрағалығымен Рамазан айын арналған облыс имамдарының мәжілісі өтті.

Жиынға қала, аудан бас имамдары офлайн, сондай-ақ, ауыл имамдары онлайн форматта қатысты.

«Мешіттеріміз келе жатқан Қасиетті Рамазан айын жоғары деңгейде өткізуі керек.

Осы айда әр түрлі игі шаралар, ауызашарлар, насихат жұмыстары, қайырымдылық т.б ізгі істер жоспарлануда. Аталған жұмыстарды бірлесіп, жоғары деңгейде өткізу үшін кешенді жұмыстар керек» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Сондай-ақ, имамдарға ҚМДБ тарапынан тапсырылған Рамазан айы жоспарларын қадағалауды және мешіттердің қауіпсіздік, тазалақ жұмыстарын қатаң сақтауды тапсырды.