Атырауда орталық мешітте мұқтаж отбасыларға киім таратылды

Атырау орталық «Иманғали» мешіті жанындағы Қайырымдылық мекемесінің ұйымдастыруымен 50 отбасына киім-кешектер таратылды.

Қайырымдылық акциясы әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасыларды қамтыды.

Еске сала кетсек, Қайырымдылық орталығы 2020 жылы ашылды.

Орталық екі бағытта жұмыс істейді. Біріншіден, орталық көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен, жетім және жартылай жетім, мүмкіндігі шектеулі жандарға азық-түлік пакетін таратып отырады.

Екіншіден, Атырау қаласы аумағындағы азаматтар осы орталыққа өздерінің киілмей тұрған киім-кешектерін тапсыра алады. Орталық мамандары киімдерді химиялық тазалудан өткізіп, мұқтаж отбасыларға таратады.