Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы орталық мешітте жамағатқа насихат айтып, кемел болуға, көркем мінезді болуға ұмтылуға шақырды.
Орталық «Иманғали» мешітінде өткен айлық дастархан барысында
ұстаз Алтынбек Ұтысханұлы көз және тіл кесапаттары туралы кеңінен мәлімет берді.
«Адам баласын үлкен күнәларға апаратын жолдардан сақ болу, әрбір істе Алланың нығметтерін есте ұстау, рухани таза болу – мұсылманға берілген аманат» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Шара аясында жиылған жамағат арасында сұрақ-жауап ұйымдастырылып, өз білімімен ерекшеленгендерге діни кітаптар табыс етілді.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.