Атырау облысына жұмыс сапары аясында Республикалық насихаттық топ мүшесі Қуаныш Әбішев орталық «Иманғали», Әт Тақуа мешіттерінде жамағатпен кездесті.
Осындай рухани кездесу Жылыой аудандық орталық мешітінде де ұйымдастырылды.
Кездесу аясында ұстаз Қуаныш Әбішев ұрпақ тәрбиесі, әдептілік тақырыптарында насихат айтты.
«Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді.
Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап-құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен. Сонымен қатар, балаларының ер-азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет етіп қойған. Біз осындай ұлттық тәрбиемізді дәріптеуіміз қажет» деп атап өтті ұстаз Қуаныш Әбішев.
Жылыой ауданына сапары аясында ұстаз Қуаныш Әбішевтің кәсіпкерлермен кездесу өткізгендігін атап өткеніміз жөн.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.