Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Республикалық насихат тобы және Ғұламалар кеңесінің мүшесі «Балаби қари» қарилар даярлау орталығының директоры белгілі ұстаз Арман Қуанышбаев Атырау облысына іс-сапармен келді.
Сапар аясында «Иманғали» орталық мешітінде өткен «Сөз сөйлеудің мәдениеті» тақырыбында асабаларға семинарға қатысып, насихат айтты.
Қазір тойларда көптеген олқылықтар орын алып жатады. Әсіресе асбалар тарапынан дін мәселесіне қатысты сүзгіден өткізбей сөйлей беретін тұстарын көріп жүрміз. Дін туралы қандай да бір насихат айтқыңыз келсе дін маманымен кеңесіп, дұрыс-бұрысын анықтап алғаныңыз жөн деп,-атап өтті.
Семинар барысында асабалар қоғамдағы көптеген келелі мәселер туралы сұрақ қойып, жауап алды.
РАНТ мүшесі «Иманғали» орталық мешіті жанындағы студияда әлеуметтік желідегі әдеп тақырыбында және азан радиосында «Ислам психологиясы» тақырыптарында сұхбат берді.