Атырауда аппарат басшысы Нұрлыбек Жеңісбекұлы мешіт жанындағы медиа орталықтың жұмысымен танысты


Атырау облысы әкімінің аппарат басшысы Нұрлыбек Жеңісбекұлы облыстық орталық «Иманғали» мешітіне арнайы келді.

Атырау облысы дін істері басқармасы басшысы Хайролла Көшқалиев пен Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы мешіт жанындағы «Amin.kz» медиастудиясы мен «Azan.kz» интернет радиосының жұмысымен таныстырды.

Және оқу-ағарту, рухани тәрбие, діни білім беру мақсатында медиакеңістікте жүзеге асырылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді. Тараптар рухани салада бірлескен жұмыстар атқаруға уағдаласты.