Алтынбек Ұтысханұлы «Қоғам сөзі» ток-шоуына қатысты

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы «Атырау» телеарнасының «Қоғам сөзі» ток-шоуына спикер ретінде қатысып, дін мәселесі талқыланған телебағдарламада өз ойларын ортаға салды.

Дін мен діл, ата бабаларымыз ұстанған дәстүрлі дін, дін мен дәстүр сабақтастығы, қазақ мәдениеті тақырыптарындағы ойларын ортаға салған Алтынбек Ұтысханұлы иманды адам болу үшін, ұлттық тәлім-тәрбиеден ажырамау керек екендігін айтты.

«Шын мәнінде, қазақ халқының дүниетанымы ислам дінімен астасып жатыр. Жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған халқымыз, қашанда адамгершілік құндылықтарды жоғары қойған. Адам адамнан артық емес. Бірақ, әр адамды оның білімі, таным көкжиегі, адами құндылықтары даралап тұрады» деді Алтынбек Ұтысханұлы.