Атырау абыз ақсақал, майдангер Айдын Айбаровты ақтық сапарға шығарып салды (ВИДЕО)

«Атырау жұрты ғасыр жасаған абыз ақсақал, Ұлы Отан соғысының ардагері Айдын Айбаровты ақтық сапарға шығарып салды» деп хабарлайды Atr.kz

Қаралы жиында Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов, ардагерлер алқасы атынан Атырау облысының Құрметті азаматы Есен Тасқынбаев, ұлы Марат Айбаров сөз сөйлеп, лебіздерін білдірді.

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы марқұмның жаназасын шығарып, дұға бағыштады.


Ұлы Отан соғысының ардагері, Мемлекет және қоғам қайраткері Айдын Аққалиұлы 1921 жылғы 16 қазанда Атырау облысы Доссор кентінде дүниеге келген.


Майданда ерлігімен көзге түсіп, бейбіт кезеңде еліне адал қызмет еткен ардагер ағаның еңбегі лайықты бағаланды. І дәрежелі «Отансоғысы», «Суворов», «Кутузов», «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет» ордендерімен, көптеген медалдармен марапатталған.