Карантин жағдайындағы Рамазанның ерекшеліктері, көпшіліктің көкейінде жүрген сауалдарға жауап берген Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы ең бастысы, ниет екендігін айтты.
«Бастысы, ниет еткен жандарға парыз болған оразаны ұстауға, дұға жасауға, пітір беріп, Аллаға жақындауға мүмкіндігі бар» деп атап өтті Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Еске сала кетелік, қасиетті ораза 13 сәуір күні басталады. Биыл ораза 30 күн.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.