Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы атыраулықтарды Рамазанмен құттықтады (+ ВИДЕО)

Қасиетті Рамазан айының басталуына орай, Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы видео құттықтау жолдады.

«Адам баласы түбегейлі барлық жамандықтан тыйылып, жақсылыққа бет бұрып, рухани кемелденген кезде, шайтанның аяқтары кісенделеді. Баршамыздың оразамызды Алла қабыл етсін» делінген құттықтауда.

Еске сала кетелік, биыл ораза 30 күн. Пітір садақа мөлшері – 420 теңге.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.