Атырау: Бас имам мешіттерге байланысты тараған алып-қашпа әңгімеге түсінік берді (+ВИДЕО)

amin.kz/ 12 наурыз, 2020 жыл. Интернет  желісінде кеңінен тарап кеткен «Коронавирус қаупіне байланысты, Қазақстанда мешіттерге баруға тыйым салынды» деген ақпаратқа Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы түсінік берді.

«Бұл негізсіз ақпарат. Мешіттер қалыпты режимде жұмыс істеуде. Намаз бес уақыт оқылып жатыр.

Бұл мәселеге байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өз мәлімдемесін жасаған болатын. Мәлімдемеде вирустан сақтану керектігі айтылды.

Яғни, кімде-кім осындай бір ауруға душар болатын болса, мұндай жағдайда мешітке келудің қажеті жоқ. Осы сөзді кей адамдар негізсіз себеп ретінде алып, «мешітке бармау керек», «намаз оқымау керек» деген бағытта жалған ақпарат таратуда» деп нақтылады Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жергілікті «Атырау» арнасына берген сұхбатында.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.