Атырау облысы дін істері басқармасының қолдауымен, “Жәрдем Атырау» КҚ-ның ұйымдастыруымен ақпараттық түсіндіру тобы мүшелеріне арналған семинар курсқа облыс имамдары да қатысуда.
Семинардың мақсаты — қоғамда діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, жастар арасында радикалды идеологиялардың таралуына тосқауыл қою және дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау. Сонымен қатар дін саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру, жат ағымдардың идеологиясын тану және оған қарсы дәлелді тәсілдермен қарсы тұру жолдарын үйрету, жергілікті имамдар мен теологтардың қоғаммен байланысын күшейту, жастармен тиімді профилактикалық жұмыс жүргізу құралдарын таныстыру.
Жиынға қатысқан Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы семинар барысында дін саласындағы өзекті мәселелерге тоқталып, жастар тәрбиесінің маңызын атап өтті.
«Бүгінде жастарымыз түрлі ақпарат тасқынының ортасында қалды. Сол себепті біз — имамдар, дін мамандары — олардың сана-сезімін жат ағымдардың ықпалынан қорғауға бар күшімізді салуымыз керек. Мешіттер тек құлшылық орны емес, рухани иммунитет қалыптастыратын орталық болуы тиіс», – деді бас имам.
Ол сондай-ақ имамдардың халықпен, әсіресе жастармен жұмысын жандандыру, діни сауаттылықты арттыру және ұлттық құндылықтарды насихаттау қажеттігін ерекше атап өтті.Семинар дін мамандары мен қоғам белсенділері арасында тәжірибе алмасуға және бірлескен іс-қимылдарды үйлестіруге мүмкіндік берді. Семинарға облыстық АТТ мүшелері қатысуда. Елімізге белгілі теологтар мен мемлекеттік қызметкерлер дәріс беруде










