Бүгін Атырау облысының имамдары, дін қызметкерлері жаппай жергілікті музейлерге барды.
Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының бастамасымен бекітілген «Наурыз он күндігіне» сай, қала және аудан имамдары өз өңірлерінде орналасқан жергілікті музейлерге барып, ондағы жәдігерлермен танысты.
Бүгін орталық «Иманғали» мешітінің ұжымы Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің палеонтология бөлімшесіне барды.
«Ұлы дала тарихы сан қырлы парақтан тұрады. Біздің мақсатымыз – халқымыздың өткен тарихымен жан-жақты танысу.
Мәселен, бүгін барған музейімізде Атырау жерінің кезінде үлкен мұхиттың болғанын дәлелдейтін деректер бар. Жерімізден шыққан қазба байлықтар, жойылып кеткен динозавр сынды жануарлар туралы кеңінен мәлімет алып, рухани тұрғыда толығып қайттық» дейді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.