amin.kz/ 28 шілде, 2020 жыл. Құрбандыққа шалынған бес қой малының еті барлығы он бес отбасына таратылды.
Атырау қаласына қарасты Тасқала ауылында орналасқан «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов қайырымдылық шараларының жалғасатынын айтты.
«Пандемияға дейін де Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен негізгі бағыт – қайырымдылық шаралары болатын. Бүгінгі таңда мешітімізде мұқтаж отбасылардың арнайы тізімі бекітіліп, ұдайы қамқорлық акциялары жалғасып отыр.
Бұл жолы біз Алладан еліміздің амандығын, ауырып жатқан науқастардың сауығып кетуін сұрап, дұға еттік» дейді имам Мақсот Бағытжанов.
Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.