Атырау: мешіттерде ихсан ілімі тақырыбында дәріс жүруде

Атыраудың орталық, қалалық, аудандық және ауыл мешіттерінде жаппай ихсан ілімі туралы дәрістер жүріп жатыр.

Мешіт ұстаздары жүргізіп жатқан «Ихсан ілімі – рухани кемелдену жолы» дәрістеріне жамағат қатысуда.

 Ихсан – адам баласының рухани тұрғыдан кемелдіктің шыңына әрдайым ұмтылып отыруы. Абай атамыз да бір сөзінде: «Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәрте, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ақыретке, не дүниеге жарамды, күнін де өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің?» – деп, адам баласын өтіп жатқан өз өміріне үңілуді өсиет еткен» дейді ұстаздар.

Еске сала кетелік, биылғы жылы мүфтият ел көлемінде атқарылатын жұмыс бағытын жеті негізгі топқа бөлген болатын.

Рухани тәрбие, яғни, ихсан ілімі, оқу-ағарту және кадрлық әлеует, уағыз-насихат, ақпарат және қоғамдық жұмыс, жат ағыммен күрес, қайырымдылық, дін мен дәстүр мешіттерде атқарылатын басты жұмыс бағыты болмақ.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.