«Бұл туралы бүгін онлайн брифингте Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы мәлімдеді» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында биыл 18 мұқтаж отбасына баспана берілді. Мешіттердің ұйытқы болуымен берілген баспаналар негізінен көп балалы отбасыларды, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды, әлеуметтік жағдайы төмен шаңырақтарды қамтыды» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Бұдан бөлек, «Мектепке жол» акциясы аясында 185 отбасы балаларына оқу құралдары, қырық телефон табыс етілді.
«Ал, пандемияға байланысты онлайн форматта өткен Құрбан айт кезінде 4116 отбасына 43 тонна ет таратылды. Облыс бойынша 6000 балаға Құрбан айт сыйлығы үлестірілді. Жалпы, Құрбан айттан бөлек, жыл бойына 7179 отбасына 40 сиыр еті, 880 қой еті таратылды» деп нақтылады спикер Алтынбек Ұтысханұлы.