Атырауда 40 адам жат ағымнан оңалып, мешіттер 13 маманмен толықты

Бұл туралы бүгін онлайн брифингте Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы мәлімдеді.

«Мешіт имамдары өткізген жеке кездесулер, дәрістер нәтижесінде жат ағым жетегінде жүрген 40 адам дәстүрлі  мәзһабқа оралды.  Бүгінгі таңда 17  адам ханафи мазхабына бейімделуде. Жыл ішінде, 93 жалпы профилактикалық  іс-шара өтіп, 5021 адам қамтылды. Жат ағымның алдын алу мақсатында  9000  кітап таратылды» деді  Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Айта кету керек, облыста діни кадр даярлау нақты жолға қойылған. Биыл атыраулық  33 шәкірт діни оқу орындарына түсті. 2019 – 2020 жылы  Нұр-Мүбарак египет – ислам университеті және медреселерді атыраулық 17 түлек бітіріп шықты.

Еске сала кетелік, Атырау облысы бойынша 33 мешіт, 87 діни қызметкер бар.