Атырау мешіттері кітапханасы жаңа еңбектермен толықты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы мүфтият баспасынан шыққан діни, рухани-танымдық кітаптар Атырау облысы мешіттерінің сөрелеріне қойылуда.


Қазіргі таңда мүфтият баспасынан қоғамға қажетті көптеген кітаптар жарық көруде. Аллаға шүкір , жамағат іздеп жүріп оқитындай деңгейге жетіп келеді. Біз аудан,ауыл мешіттерін де кітаптармен толық қамтамасыз етуді жоспарлаудамыз. Сондай-ақ мешіт жанындағы сауат ашу орталықтары кітапханалары да рухани кітаптармен толықты. Бұл жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табатын болады,-деп атап өтті Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Айта кетейік, қазіргі таңда Атырау мешіттерінің біразы дін мен діл, Әбу Ханифа мәзһабы, ұлттық құндылықтар, ислам тарихы тақырыптарына арналған баспа өнімдерімен толықты.